Қапан БАДЫРОВ «АҚЫН-АРТИСТ»

#

Қазақ республикасының 5 жылдық тойына арнап, жоғарғы дәрежелі оқу орны, институт оқушыларының күшімен, бір актілі пьесаны 1925 жылы Октябрьдің 4 күні қойып едік. Осы ойынға қатынасып бұрыннан келе жатқан сол үйірменің ескі мүшелері, Елубай Өмірзақов бастаған бір топ студент — біздерді Халық Ағарту комиссариаты оқудан біржолата босатып алып, келешек театрымыздың негізгі ұйтқысы — болашақ артистеріміз осылар деп іске қосып еді.

Оқудан босап, артистік қызметіне бірыңғай бел буып шыққан біздерге, сол кездегі совет қызметкерлерінен бірсыпыра талапты еркек, әйелдер де әр жерден шақырумен келіп қосылғаннан кейін, үйірмеміз қалыпты театрға айналған болатын.

Сол жылы декабрь айының аяқ шенінде, Иса Байзақов Ташкент қаласынан шақырылумен театрға келді.

Бұрын Исамен бірге оқып, ете жақын таныстығымыз бар; алғаш көріскенімізде анадайдан құлаш жайып керісіп, енді бірге болғанымызға қуанып қалдық. Әсіресе, көркемөнер майданында тағы да бірге болып ұзақ мезгіл еңбек етеміз деп' бірімізді-біріміз сүйеніш, демеу көргендей, серік тапқандай болдық. Ол кезде «театр», «артист», «режиссер», «роль» деген сездер алғаш құлаққа жат тиіп, ереі көрініп тұратын. Ашқалы тұрған осы тарихи сахнамызда кездесетін талай кедергілер тұрғандай, игілікті бастаманың үстінде, тәуекел, не керсек те бірге көреміз ғой дескенмен, әлдеқандай кез жетпеген алдағы қилы-қилы кезеңдерді де ішімізден қатты түйгендей едік.

Бұл кезде телеграмма арқылы шақыру бойынша Семейден атақты әнші Әміре Қашаубаев, Қарқаралыдан Қалибек Қуанышбаев, Қостанайдан Серке (Сералы) Қожамқұлов, Ташкенттен Құрманбек Жандарбеков және Әбен Мұхамедияров (қазір Шімкент театрында істейді, Қазақ ССР- на еңбегі сіңген артист) келіп, артистердің ұйтқысы топталып қалды. Сөйтіп, 1926 жылғы 13 январь күні Қызылорда қаласында қазақтың ұлт театры тұңғыш рет ашылып еді.

Орталықта бұл кезге дейін спектакльдер көрсетіп келген орыс драма театры да және кино-картина көрсе-тіп жүретін клуб та сол театрдың үйі болатын, осы еке-уінің үстіне біздің театр даосында болды.

Театрдың бұл ашылуында күрделі спектакльдер көрсетілмеді. Өйткені, ашылуына арнап даярлаған Мұхтар Әуезовтің «Еңлік - Кебек» пьесасының өзі тұтас көрсетілмеді, жасау, жабдық, басқа да жағдайлар болмай, тек, үшінші картинасы мен концерт, әдеби бөлімдер ғана қойылып жүрді.

Театрдың тұңғыш рет дүниеге келуіндегі үлкен мерекесінде, барлық концерттің ауыр салмағы марқұм Әміре мен Исаның үстінде болды. Осыдан бастап олар жұртшылығымызға өздерінің тамаша талантты артист екендіктерін шын мәнісінде көрсетті. Қысқасы, бірі әнші, бірі ақын, бұл екі өнерпаз өз тұсында, ойын-сауық, қызық думанның әсем көркі болды. Иса Байзақов театрға келіп, алғаш артистік өнерін бастамастан бұрын, еліңен оқу іздсп астанаға келгенде, жыйылған жұртқа өзін таныстырған ерекше есте қалған бір жайды баян еткіміз келеді.

1922 жылдың күзі, октябрь айының бас кезінде, Қазақ республикасының орталығы болған Орынбор (қазіргі Чкалов) қаласында қазақтың халық ағарту ин-ститутының кең клубында ойынға жыйналған көп жұрттың бас қосқан ерекше бір кеші өткізілді. Ол кезде бұдан үлкен оқу орны жоқ еді. Басқа рабфак, тәжірибе мектебі, медтехникум, 18-жаяу әскерлер мектебі, оқу орындарынан астанамызда, міне, осылар ғана бар еді. Жаңадан құрылған жас республикамыздың әр тарапынан жиналған қазақ интеллигенциясының, сол кезде дағдылы салтына айналғандай ойын-сауық «Шығыс сауық кештері» болатын. Осындай сауық кештерінің бірінде, ойын басқарушы өзімен бірге ертіп біреуді сахнаға қоса алып шықты. Танымаймыз.. Бір жас жігіт. Шалбарының балағын қонышына салып киген, аяғында біраз кигеннен қыры сынған, қисық табан жаңа қара етігі бар. Үстіне жапсыра салған төрт қалталы, бітеу қайырма жағалы, жиі түймеленген, қоңыр түсті бешпент киген, түлкі пұшпағын мол қайырып, желкесіне сала киген, төрт бұрышты биіктеу келген қызыл тысты бөркі бар. Кең маңдайлы, жар қабақтау, шұңғылша біткен өткір көзді, бүркіт мұрындау, қиылған қара мұрты бар, орта бойлы талдырмаш, тікшелеу, келбетті келген қызыл шырайлы, қара торыдан көрі қылаңдау жас жігіт сахнаға шықты. Ол оң қолын төсіне басып, көпке иіліп сыпайы түрде жайлап тәжім етті. Мұны ертіп шыққан ойын басқарушы, көпке таныстырып, сахнаның шетінде тұрған жаңағы жас жігітті қолымен нұсқап:

— Бұл, жолдас Семей қаласынан осында оқу іздеп келгелі екі жетідей болып қалды. Өзі суырыпсалма ақын, қандай тема, сұраулар берсеңіз де соған қолма-қол өлеңмен жауап бере алады. Туған жері Кереку, аты-жөні Иса Байзақов. Қанеки, тема-сұрақтарыңызды берулеріңізді сұраймын — деп, езі сахнадан қайта түсіп кетті.

Иса жалғыз тұрып қалды. Бұрын сахнаға шығып, самсаған жап-жарық электр лампаларының астында тұрып үйренбеген ақын, кең залдағы көздер өзіне төменнен қадала қарағаннан кейін, аздап именейін дегендей, бір орында тұра алмай ырғала басып, жайлап қақырынып, қозғала бастады. Өйткені, отырған жұрттан тіл қатып, «не пәленді, не түгенді айтып беріңізші» деп ешкім жарып шыға қоймады, тема берулерін күтіп аздап бір олай, бір бұлай жүрді де, бұрыла беріп қарсы алдында, сахна шетінде тұрған рояльға көзі түсіп кетті де, соған кеңіл тоқтатқандай тұра қалып рояльді көрсетіп: «Мынау тұрған күйсандық...» деп оны өлеңге қосып кетті. Сол айтылған елеңді жазып ала қою дегенді кім ескерген, не дер екен бұл,— деп құлаққа ұрған танадай тына қалды жұрт. Сонда: «Адам баласысының он саусағы араласып, ойына жәрдем етпесе, бойындағы балдай тәтті, әсем үнімен жан жүйесін жібітіп, бойды алып, жүрекке жылы тиетін қасиетін көрсетіп үн қатпайды. Сол секілді сіздер де маған сұрау, не тема беріп сөйлетпесеңіздер, қарап тұрып жынды кісідей сөйлей беретін мен де еріккен жан емеспін» — деп жұртты ду күлдірді. «Бірақ, мен мына тұрған күйсандық емеспін, мен адам деген зор атқа ие болған ақынмын. Еліме еңбек ету үшін жүріп те кетем, сөйлеп те кетем» — дей келіп, «шынды айтып сырласайықшы — мен мұның тілін біліп (рояльдың) тие алмай тұрғанымдай, сіздер де менің жайымды біліп, танымай отырған соң, біреуің үн қатып, соны айт деп маған тіл қатуға бата алмадыңыздар ғой» — деп жұртты тағы ду күлдірді. Атым Иса, әкем аты Байзақ деп, елін, туған жерін айтып өзін таныстырып өтті. Сонда алғыр ой, өткір тілмен моншақтай тізілген сұлу сөздің иесі Иса, жап-жаңа момақансып, тып-тыныш тұрған жас жігіт, жалпылдап жанған оттың ыстық жалыңындай, лаулап кеп біраз жерге барып қайтты да, бір кездерде, қып-қызыл боп жайнап, қызу шоққа ұқсап, маңдай терін сұқ бармағымен сыпырып тастап, асыл сөздің бірсыпырасын айтып үлгірместен, жүйрік ойы, бай қыялы екіншісін даярлап тұрғандай самғай жөнелді. Қатты айқайдан түтіге долдана, дауылдата, құйындата келген несердей, бөгеті ағытылған тоғанның төңкеріліп құлай аққан суындай, қарқыны қарсысындағысын жапырып таптай еткен, екпінді алып күш тәрізденді.

Содан кейін топ ішінен кейбіреу: «Мына жанып тұрған электр жарығын айтыңызшы», тағы бірі — «Жаңа құралған жас республикамызды суреттей айтыңыз-аіы» деп сұрады, Бұл берілгеи сұрақ-темалардың біріне іркілместен әрқайсысына 10—15 минуттен тоқталып, жауап бере, әрқайсысын өте жақсы көркем шығарма етіп суреттеп, саяси маңызын түсіндіре баяндап берді Иса.

Отырғандар залды басына көтере ду қол шапалақтаумен шын алғыстарын айтып, өте риза болғандарын білдірді, ақынның асқан шеберлігіне, зор талантына бас игендей қатты құрмет көрсетті жұрт. Иса тек ақын ғана емес, домбырамен әнді де өте жақсы айтатын еді. Оның салған «Қызыл бидай», «Желдірмелерінің» әсем үн, серпінді ырғағы әлі күнге дейін естіген жұрттың құлағынан кетер емес.

Міне, осыдан бастап ардақты Иса ақын сол күнгі үркердей оқушылардың жанында қадірлі қонағы, қымбатты жан қыймас досы болды. Біздің институттың ішінде драма үйірмелерінде қойылған спектальдерге қатнасып жүріп, басқалардан бұрынырақ өте жақын танысып, киімнің ішкі бауындай, бірімізге-біріміз тез үйір болып бауырмал жақын болып кетіп едік.

Исаның бұл оқушылармен ғана танысуы емес, бұл республикадағы бүкіл астана интеллигенциясымен танысуы. Исаның бұл өнер-білімнің ордасына алғаш басқан адымы еді. Исаның бұл кездесуі, кейінгі күнгі ақындық таудай талабының кең өріс алуына себеп болып, көк қанат балапан шағындағы алғаш ұшқан ұясы болды. Сондықтан, ақынның есте қалатын елеулі күнін еске еріксіз түсіруімізге тура келді. Осыдан бастап Исанын, аты ел аузына ілініп, қалың жұртшылыққа тарай бастады. Бұдан кейін ақын оқу оқып, білімді адамдармен араласа келіп, Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Абай тағы басқалардың ұлы шығармаларымен танысты. Исаның «Құралай сұлу» дастанынан бастап, ақырғы күрделі шығармасы «Ақбөпе» дастанына дейінгі артында қалдырған мәдени мұраларының әдебиетте қандай орын алып, бүгінгі социалистік құрылысымызға қаншалықты пайда келтіргенін талдап, дұрыс бағасын беру әдеби сынның міндеті.

Иса ескілікпен алысып, қараңғылықты серпіп тастап, білімге құлаш ұрды, білім-өнерді аңсаған жастардың алдыңғы қатарында болды; республикамыздың бірінші мақтанышы болған, жоғарғы дәрежелі тұңғыш оқу ордасы Қазақтың халық ағарту институтының алғашқы, ардақты совет студенті атағын алғандардың бірі де Иса болды.

Исаның айтып тауыса алмастай, сан ерекшелігініц біреуі — оның адамгершілік бейнесі, үнемі көз алдында тұрады. Исаның бір ерекшелігі — ол ақжарқын, өте майда тілді, бауырмал еді. Жүрген жері думан, еріксіз өзіне ертіп кететін. Ол кек сақтамайтын, кең пейілді, қолы ашық, алды дарқан, жомарт жігіт еді.

Революпияға дейін қазақша театр, кино, режиссер, актер деген сөздердің заты түгіл, аты да болмағанын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Біз жоғарыда Иса тек ақын ғана емес, әнші, домбырашы да деп едік қой. Иса көркемөнер майданына өзінің табиғи ақындық талантымен келді. Ол халықтың ән - күй, ауыз әдебиет мұраларын да ала келді. Әсіресе, өзге елдерден өзгешерек болған суырыпсалма ақындық халқымыздың қанына біткен, ауыз әдебиетінің негізгі түрі болған, ескі ақындар дәстүрі болған айтысты да ала келді. Онымен ғана тұрмай, көркемөнердің бір түрі драма өнерінің негізгі саласы болған, бүгінгі Ңазақстандағы 43 театрдың шыққан қайнар бұлағы болған, аға театр — Қазақтың Академиялық Еңбек қызыл ту орденді драма театрының ірге тасын ең алғаш қалаған, саусақпен саналатын аз ғана артистер, марқұм Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов бастаған топ еді. Осы топта Исаның жеке драма театрында жасаған мына екі образы еске түседі. Марқұмның драма артистерінің қатарында ойнаған толып жатқан рольдері бар. «Еңлік Кебекте» Жәуетей, Жомарт бидің рольдері, «Бәйбіше тоқалда» күйеу жолдасы, «Біржан мен Сара да» Біржан ролі, тағы басқа да көптеген рольдерде ойнап жүрді.

Осы рольдерді Иса қатты ойланып, толғанумен, үлкен даярлықпен барып ойнаған болатын. Сондықтан да ол жасаған образдар тамаша жақсы шықты десіп жұртшылық ол кезде аңыз еткен еді. Адамның психологиялық ішкі сезіміндегі қайғы, не қуаныш, не сүйіну, не күйіну түрлерін Иса ете жақсы ашып беретін еді.

Мархұм Исаның есте қаларлық жақсы жасаған үлкен образдарының бірі, өзі сахнаға лайықтап құрастырып, өңдеп жазған «Біржан мен Сара» пьесасындағы Біржан салдың образы. Біржан образын жасау, Исаға соншама қиынға түскен жоқ. Өйткені, Біржанның образына керек ақындық қасиеттер, өз басынан мол табылған соң, Иса тіпті қысылған да жоқ. Қайта ол құлпырып, қарға аунаған Арқаның қызыл түлкісіндей жайнай түсті. Бар дауысымен шіренте кеп айқайлағаннан кейін, өнбойына ыстық қан жүгіріп, көкірегі керіліп, бойы кеңіп, ой-пікірін кеңінен толғайтын, құлашты кең тастап, бұрқырата екпіндеп келгенде, рольдегі жаттап алған шағын сезге місе тұтпай, аз ойланып сөз қосатын, бұрынғы айтып келген текстіне ұқсастыра үйлестіріп жымын білдірмей, өз ролі етіп, әрі қарай әкете беретін. Сахнаға шығар алдында жүрегі лоблып алқымға тірелгендей, қылыш жүзіне табан басқандай сезім үстінде тұрып, сынға түскендей, екіталай кезде, Иса Біржанның мына өлеңін сырттан шырқағанда арқаланып кететін еді.

— Бұл үйде Сара бар ма, шықсьга бері, Іздеген келіп тұрмын Біржан сері, Жолықпай сөзі өктемге жүрген шығар, Аулында Тұрысбектің өлер жері.

Барабар сөзі теңдес адам болса, Көңлімнің тарқаушы еді сонда шері, Сайраған Ортажүздің бұлбұлымын, Арғынның Алтай қарпық ақтанкері.

Ағиық мұзбалақпын жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес. Басайын аптығыңды тез шық Сара, Сен түгіл әкеңдеймен болдым істес,— дей келе, ащы даусын қайтадан көтеріп ап, жадырап арқалана самғаған ашық айқаймен көтеріле келіп:

— Уа, осы үйде Сара бар ма отыр нағып, Карсы ұшпай тоты құстай қанат қағып, ? Кел қобыз, жез тағалы еңіреумін, Қара тер шыққан сайын кетем ағып,— деп құтыра соққан дауылдай дүрліктіре, думанмен сахнаға шыға келгенде, айналасындағы жұртты ықтырғандай мысы басып кететін. Бұл спектакль бірер-ақ қойылғаннан кейін, әбден рольге еті үйреніп алған Иса, бір күні сахнада Сарамен айтысып отырып шабыты келіп қызара бертіп рольдің текстіндей етіп, өз сөзімен бастырмалатып ала жөнелді, тоқтайды деген не. Кезекпен Сараға сез беретін емес, аласұрып кетіп барады.

Касында Біржанның қосшылары боп отырған артистер етегінен басып, нұқып қалып тоқта деп белгі берсе де, екіленіп, әбден делебесі қозып желігіп алған, кәдімгі Исаның өзі айтысып отырғандай бой беретін емес. Айналасындағы қаптап отырған артистер, суфлер «тоқта» деп қолымен ымдап, бүкіл ойынға қатынасушылар боп, оның кезі түскеннің бәрі де түрлі белгілермен «ойбай, тоқта» дегендей әрекет жасап, әрең, дегенде тоқтатып алғанымыз бар. Өзінің артистігінде жұмысы жоқ, мен оны (Сараны) жеңбей қоймаймын деп өршелене түсті. Артынан әзілмен, «неге бөлдіңдер ойымды, бекер тоқтаттыңдар мені, жаңа қызып келе жатыр едім, неде болса бірсыпыра жерге апарып тастап, кішкене шер тарқатқандай желпініп алатын едім. Зритель қайдан білсін, Біржанның сөзі ме, менің сөзім бе, тыңдаушының құлақ құршын қандырып, бұдан да кері жұртты қатты риза ететін едім» — деп езу тартып жұмсақ қана күліп, домбырасының құлағын сыңғырлата бұрап, қатты-қатты қағып жіберді. Осындай орынды етіп бірнеше ауыз елеңді, ролінен тыс айтып қалғанына, жас баладай мәз болып, осылай қыйсынын тауып қиыстырған істеріне масайрап қалатын.

Исаның бұл секілді қызғылықты, тапқырлық, оңтайлы мінездері кеп кездесетін. Театрда тек артист қана емес, бүгінгі түсінігімізде ол — театрдың әдеби бөлімінің меңгерушісі де еді. Өйткені, ол кездегі қойылатын қандай пьесаның болса да, сөзін жөндеп, қолма-қол оған лайықты сөздер тауып сала қойып, артығын алып, нашар сөздің орнына жақсы сөздер ойлап таба қоятын.

Ол кезде театрда спектакль соңынан концерт бөлімі, әрдайым болып тұруы міндет болатын; сондағы айтылатын тақпақ (декламация) сөздердің тіліндегі жетімсіздіктерді, олардың ұйқасын келтіріп әрдайым түзеп отыратын. Өйткені, өлеңдердің сездерін жамап-жасқай отырып, оның шыққан мезгілін айта келіп, дәуіріне лайықты, әндердің буынына елшеп, ырғағына келтіріп, саяси мазмүнын ескере отырып, қолайлы түрде сол әндерге текст беретін. Мысалы: «Смет» әнінің мына өлеңін Иса жазған болатын:

Алтайдың айналасы шөккен алтын, Көркейткен іргесіне қонған халқын, Бір кезде қоңсы қонған жарлы-жалшы. Міне, бүгін еркіндеп басты қарқын.

Алтайдың кен шығады саласынан, Биік құз, терең жартас арасынан, Соққанда болат балға шүйдесінен. От шығады жарқылдап көк тасынан,— деген секілді көп өлеңдерге, осылай сан рет текст жазып, өндірістің тоқталмай өркендей беруіне белсене ат салысқан еді. Бұған бір жағынан өте жақсы артистка әйелі мархұм Шәрбану да, Исаны көтермелеп ақыл айтып «Қолыңнан келгенді аяймысын, бәрібір өзіміз айтатын елең, хор ғой, жазып бере сал, ертең сен өлген күні біреу болмаса біреу пәленшенің еңбегі еді деп айта жүрер» — деп бір жағынан қалжыңға айналды-ратын.

Қысқасы, Ңазақстанда тұңғыш театр құрылғандағы естен қалғысыз нәрселер: Әміренің гармоньға қосылып шырқап салған сұлу, тамаша, Абай айтқандай:

«Кұлақтан кіріп, бойды алар Тэтті эн мен жақсы күй» — дегендей, осындай әндері еді. Иса үкілі домбырасын қолға алып Желдірмесімен желіп кетіп, қыза келе домбыраны тастай сала, ақындығымен ағып кеп, неше алуан асыл сөздерді төгіп жіберіп, жұртты театрдан кірсе шыққысыз етіп, тәтті ән мен інжу - маржандай сөздерге көміп - көміп алатын. Әміре әсем әнімен, Иса асыл сөзімен алғашқы ашылған театрымыздың құты, қасиетті көркі еді. Көркемөнерде Исаның аты аталған жерде, Әміренің атын бөлек алып қарауға болмайды. Бұл екеуі де большевиктер партиясы бастаған мерейі үстем, жеңімпаз еліміздің бүгінгі идеология майда-нындағы күшті құралы болған театрымыздың, оның мыңдаған артистерінің алдыңғы сапында болған өнерпаздар еді. Бұл екі талант, жауларына ала ұмтылған қайтпас қайратты әндері мен сұлу сөздерін, гармоны мен домбырасын қару еткен жауынгерлер еді.

Бүгінгі қазақ республикасының еңбегі сіңген артистері мен халық артистері бастаған тобының және лек-лек өсіп келе жатқан жас артистер тобының ағасы болған Әміре Қашаубаев пен Иса Байзақовтың көркемөнерді өркендетудегі зор еңбегін халқымыз ұмытпайды.

Иса Байзақов—1946 жылы, 3 сентябрь күні ұзақ аурудан қайтыс болды. Ол артына өлмейтін әдеби мұра қалдырған талантты ақын, шебер әнші еді. Исанын, жарқын образын жолдастары, жұртшылығымыз есінде сақтайды .

1950

Материалдар Е. Бекмаханов атындағы өлкенің тарихы мен этнографиясын ғылыми-зертеу орталығынан алынды