С.Торайғыров атындағы ПМУ-ң студенттік филармониясы И.Байзақовтың 110-жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш

С.Торайғыров атындағы ПМУ-ң студенттік филармониясы И.Байзақовтың 110-жылдығына арналған әдеби-музыкалық кешті даярлауда. Осы кеште мерейгердің шығармасы бойынша театрлық қойылым ұсынылады.

ХХ ғасырдың ақын-имровизаторы И.Байзақовтың 110-жылдығына арналған «Найзадай сөздің сүйрігі, найзағай жырдың жүйрігі» атты республикалық ақындар мұшайрасын өткізуге дайындық жүргізіліп жатыр. Осы шараға жоғары оқу орнының студенттері қатысады. Мұшайраның қамқорлығымен И.Байзақовтың шығармашылығы кең ұсынылады.

Сонымен қатар университеттің шығармашылық ұжымдарының өкілдері И.Байзақовтың туған жері Ертіс ауданына қайтып оралады.

2010 жылдың 1 қазан айында И.Байзақов шығармаларының 3-томдығының презентациясы өтеді. Осы күні Мәшһүр-Жүсіп мешітінде атақты жерлеске Ас беріледі.

Материалдар Е. Бекмаханов атындағы өлкенің тарихы мен этнографиясын ғылыми-зертеу орталығынан алынды