Иса Байзақов
(1900-1946 жж.)
ақын, әнші, артист, домбырашы, композитор
Иса Байзақов (1900-1940) 3 қазанда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауданында туған. Әкесі Байзақ, шешесі Ғазиза сауықшыл, өнерпаз адамдар болған.
Ол кісілер Иса 9 жасқа шыққанда қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Жастайынан суырыпсалма ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен көзге түседі. Он жасынан жалшылықпен күнелтіп, Сібір шахталарында жұмыс істейді. 1919-1920 жж. ел ішінде Бағит, Құдайберген деген ақындармен айтысып, жеңеді. 1921 ж.
Семейде жұмысшы факультетінде оқиды, драма үйірмелеріне қатысады. 1922 жылы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтына оқуға түседі. Өлеңдері баспасөзде тұңғыш рет 1924 жылы жарияланды. 1926 жылы Қызылордада қазақтың тұңғыш ұлт театры ашылғанда, М.Әуезовтің "Еңлік- Кебегі" мен "Бәйбіше-тоқалында" басты рөлдерде ойнайды.
"Заулатшы-ай" (1926), "Қалқа" (1927), "Ісмет", "Назқоңыр" (1927), т.б. 40-тан астам халық әндерінің сөзін жаңа заманға, өмір салтына сәйкес қайта жазады.
Репертуарындығы халық әндерінің көпшілігі "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан", "Ер Тарғын" операларына енді. 1931-1940 жж. Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, Жазушылар одағында қызмет етті, Оңтүстік Қазақстан облысында тұрып ауыл-ауылды аралап жалынды өлеңмен, асқақ өнерімен үгітшілік қызмет атқарды.
Оның атақты "Желдірмелері" (бес желдірме) халық арасына кеңінен тарады. Шығармалары бірнеше рет жеке кітап болып басылды, орыс тілінде де жарияланды (1967). Жазушы Н.Анов "Ән қанаты" романында (1956), осы аттас кинофильмде (1962) әнші-ақынның көркем бейнесін жасады. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
Эпикалық шығармалары: "Құралай сұлу" (1925), "Қойшының ертегісі" (1926), "Алтай аясында " (1939), "Кавказ " (1941), "Қырмызы- Жанай" (1940, аяқталмаған), "Ақбөпе" (1945), "Неге Апатау шаттанды" (1929), "Ұлы құрылыс" (1933), "Он бір үн, он бір түн " (1939) поэмалары.
«Құралай сұлу», «Алтай аясында», «Он бір күн, он бір түн», «Кавказ», «Ақбөпе», «Ұлы құрылыс», «Қырмызы-Жанай», «Клеопатра», «Қойшының ертегісі»
«Исаның Құдайберген ақынмен қақтығысы»
Исаның айтуымен тараған шығармалар: «Ай астында Айбарша сұлу», «Жетімдер», «Өткендегі кейбір ақындар туралы білетінім», «Әміре жөніндегі білетінім», «Қарқара жәрмеңкесіндегі жыр»
«Қарашы, домбыраның еркесіне», «Бірінші желдірме», «Екінші желдірме», «Үшінші желдірме», «Төртінші желдірме», «Бесінші желдірме», «Кербез сұлу», «Назқоныр», «Қанапия», «Бүгін дала», «Қалқа», «Бір бидай», «Төгілмелі», «Қос қанат», «Үридай», «Өнер», «Қанат талды», «Алатау», «Жонып алды», «Ақерке», «Асылзат», «Біздің еңбек», «Кешегі есіңде ме қара тұман», «Тыныбай шал», «Мақтандым бүгін, мақтандым», «Бүгін», «Аэроплан»
Материалдар Е. Бекмаханов атындағы өлкенің тарихы мен этнографиясын ғылыми-зертеу орталығынан алынды